Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт: күдікті әйел ұсталды

Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт: күдікті әйел ұсталды
видео кадры

Алматыда бес адам қаза тапқан жеке тұрғын үйдегі өртке қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті анықталып, ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Бостандық ауданында болған еді. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның сүйегі табылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы жедел тергеу тобы құрылды.

"Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, күдікті болуы мүмкін әйелдің жүрген бағытын анықтап, оқиғаның мән-жайын қалпына келтірді. Тергеу нұсқасына сәйкес қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы негізінде қасақана өрт қою себеп болған", - деді Алматы ПД өкілі.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 37 жастағы күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.