Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Астанада бір күнде 100-ден аса жол апаты тіркелді

Астанада бір күнде 100-ден аса жол апаты тіркелді
zakon.kz/ЖИ

Астана қаласының Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

27 қарашада таңертеңнен бері елордада 100-ден аса жол апаты тіркелді. Полиция жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы қашықтықты сақтау керек екенін ескертті.

"Жаяу жүргіншілер де жолдан өтерде мұқият болып, көліктер толық тоқтағанына көз жеткізуі керек. Жолда абай болып, жол ережелерін сақтаңыздар", - деді ПД өкілі.