Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматыда Satbayev University проректоры Ержан Күлдеев ұсталды

Алматыда Satbayev University проректоры Ержан Күлдеев ұсталды
Фото: Satbayev University

Алматыдағы Satbayev University проректоры Ержан Күлдеев сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты Алматы қаласының прокуратурасы ресми түрде растады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жоғары оқу орны басшыларының бірі Ержан Күлдеевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін Алматы қаласының прокуратурасы аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Қадағалау органының мәліметінше, Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Ержан Күлдеев пен өзге де азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта Ержан Күлдеев пен басқа да тұлғаларға қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық әрекетін жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Ведомство қылмыстық іс аясында күдіктілердің қамауға алынғанын мәлімдеді.

Әзірге құқық қорғау органдары күдіктілердің нақты қандай сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысы барын ашып айтқан жоқ. Сондай-ақ істің қандай жағдайларға байланысты қозғалғаны, ықтимал заңбұзушылықтардың қашан жасалғаны және келтірілген залал көлемі туралы ресми мәлімет жарияланбаған.

Қазіргі уақытта тергеу тобы істің барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.