Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

"Сұлтан Сүлеймен" сериалына түскен: Түркияда танымал тұлғалардың есірткіге қатысты тест нәтижесі шықты

"Сұлтан Сүлеймен" сериалына түскен: Түркияда танымал тұлғалардың есірткіге қатысты тест нәтижесі шықты
TRT Haber

Түркияда ұсталған танымал тұлғалардың есірткіге тапсырған тест нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Түркияның Сот-медициналық сараптама институтында тест тапсырған 21 күдіктінің 16-сының талдау нәтижесі 27 қараша, жұмада жарияланды. Олардың үшеуінен есірткі анықталған. Ал 12 адамның, соның ішінде "Ғаламат ғасыр" сериалының актрисалары Дениз Чакыр мен Бурджу Озберктің талдауы теріс нәтиже көрсеткен.

Талдауы теріс нәтиже көрсеткендер қатарында Муаммер Капуджиоглу, Пынар Бент, Ибрагим Йылмаз, Джем Гюлер, Илькнур Шахин, Ышыл Ышык Демир, Озден Джеррахоглу, Өзжан Дениз, Джейлан Кая және Бурхан Караджи бар.

Ал Дениз Сөзэн, Уфук Гюндогду және Мехмет Джем Карджының есірткіге тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, шоу-бизнес өкілдеріне қатысты арнайы операциялар 2025 жылғы 8 қазанда басталған. Тергеуді Ыстамбұл прокуратурасы жүргізіп жатыр.