Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

"Қайрат" "кішкентай ауылдың" командасын жеңді: енді кіммен ойнайды?

"Қайрат" "кішкентай ауылдың" командасын жеңді: енді кіммен ойнайды?
Алматы әкімдігі

"Қайрат" Алматыда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматылық "Қайрат" УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда швециялық "Мьельбю" командасын 1:0 есебімен жеңді. Матч 26 қарашада Алматының Орталық стадионында өтті. 

Кездесудегі жалғыз голды 14-минутта Еркін Тапалов соқты. Ол Марк Гуальдың пасын сәтті пайдаланды. Ойынның қалған бөлігінде "Қайрат" есептегі басымдығын сақтап, жеңіске жетті. Күннің суықтығына қарамастан, жанкүйерлер стадионға жиналып, командаға қолдау көрсетті.

Бұған дейін алматылық клуб сырт алаңда италиялық "Аталантамен" 1:1 есебімен тең түскен болатын. "Мьельбюді" жеңгеннен кейін "Қайраттың" төрт матчтегі ұпай саны беске жетті.

Айта кетейік, "Мьельбю" - халық саны 1,5 мың болатын шағын Хеллевик ауылының командасы.

"Қайрат" келесі матчін де Алматыда өткізеді. 10 желтоқсанда команда румыниялық "Университатя Крайова" клубымен кездеседі.