Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Спорттық Гарвард – 2044»: Қазақ спорт және туризм академиясы ұлттық идеяны жүзеге асыруға кірісті

«Спорттық Гарвард – 2044»: Қазақ спорт және туризм академиясы ұлттық идеяны жүзеге асыруға кірісті

Қазақ спорт және туризм академиясы 2044 жылға дейінгі «Қазақстанның спорттық Гарварды» бағдарламасын бекітті. Шешім 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте қабылданды. Бұл «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға академияның қосар үлесі болмақ, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мұнай емес, ақыл-ой

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуының жаңа моделін айқындады: Қазақстанның басты байлығы мұнай емес, ақыл-ой, ал ел дамуының негізгі ресурсы адами капитал болуы тиіс. Мақсат та белгілі: Ұлы даланың мыңжылдық тарихына сүйеніп, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарына енетін, рухы мықты, дені сау, тәні шымыр ұлтқа айналу. Идеяны жүзеге асыру мерзімі – 2050 жыл.

Идея ұлтты алға сүйрейді

Академия Президенті Қайрат Закирьянов тарихтан мысал келтіреді. Ұлы депрессия жылдары Франклин Рузвельт Американы әлемдегі ең бай ел ету міндетін қойды. Соғыстан кейін күйзелген Жапония «Жапонияда жасалған дүниенің бәрі ең сапалы болуы тиіс» деген ұстаным жариялады. Екі мақсат та орындалды.

Қазақстанда да ұлттық идея бұрыннан бар. Назарбаев оны халық бірлігі мен ортақ құндылықтарға негіздеген. Тәуелсіздіктің 35 жылында ел ішінде ұлтаралық қақтығыс болған жоқ, көршілермен соғыс болған емес.

Гарвардтан кем емес

Академия өз міндетін нақты көреді: 100 жылдық мерейтойына қарай әлемдегі ең үздік спорт университетіне айналу. Әлемнің түкпір-түкпірінен студенттер заманауи жаттығу әдістемесін үйрену үшін Қазақстанға келіп, оқу ақысын Гарвард деңгейінде төлеуі тиіс.

«Адами капиталдың нақты көрінісі осы болмақ», – дейді академия басшылығы.