Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

20 мыңға жуық тұрғыны бар аумақта полиция пункті жоқ: тұрғындар наразылық білдірді

20 мыңға жуық тұрғыны бар аумақта полиция пункті жоқ: тұрғындар наразылық білдірді
Фото: ЖИ

Алматыдағы "Alma City-5" тұрғын үй кешенінің тұрғындары аумақта учаскелік полиция пунктін ашуды талап етті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Олардың айтуынша, мұнда 128 көпқабатты тұрғын үй бар және шамамен 15–20 мың адам тұрады. Соған қарамастан, ықшамауданда тұрғындар тікелей жүгіне алатын полиция пункті әлі ашылмаған.

Тұрғындар халық санының артуымен бірге қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселесі де өзекті бола түскенін айтады. Олар төтенше жағдай немесе құқықбұзушылық болған кезде учаскелік инспектордың жақын маңда болғаны маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы "Alma City-5" тұрғын үй кешенінде жаңа учаскелік полиция пункті ашылатынын хабарлаған еді. Алайда тұрғындардың қазіргі мәлімдемесіне қарағанда, бұл жоспар әлі жүзеге аспаған.