АҚШ-та Алғыс айту күні ел аумағын түгелге жуық қамтыған қуатты дауыл салдарынан 836 мыңнан астам тұтынушы электр жарығынсыз қалды. Табиғи құбылыс қатты жел, нөсер жаңбыр және жағалаудағы рекордтық су тасқыны болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Елдегі электр қуатының үзілу жағдайларының шамамен 87 пайызы бес штатқа тиесілі. Әсіресе Вирджиния, Мэриленд және Пенсильвания штаттары қатты зардап шекті. Шығыс жағалауда жел екпіні күшейіп, бірқатар аумақта электр желілері істен шыққан.
Дауыл салдарынан Macy’s компаниясының Алғыс айту күніне арналған дәстүрлі шеруін өткізу уақыты өзгертілді. Ал Нэшвилл қаласында 76 жыл ішінде алғаш рет Алғыс айту күні өлшеуге болатын мөлшерде қар жауды.
Нью-Джерси жағалауында желдің жылдамдығы сағатына 130,4 шақырымға жетіп, дауыл күшіндегі екпін тіркелді.