Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Оңтүстік Корея Ресейдің әскери ұшақтарына байланысты жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді

Оңтүстік Корея Ресейдің әскери ұшақтарына байланысты жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді
Bloomberg

Оңтүстік Корея Ресейдің әскери ұшақтары елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің сәйкестендіру аймағына жақындауына байланысты жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Агенттіктің мәліметінше, Ресейдің әскери ұшақтары Оңтүстік Кореяның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің сәйкестендіру аймағына кірген. Осыған байланысты Сеул әуе күштерінің жойғыш ұшақтарын көтерген.

Сондай-ақ Уллын аралында тұратын шамамен 9 мың тұрғынға қауіпсіз жерге жасырыну туралы ескерту жіберілген. Алайда дабыл бірнеше минуттан кейін тоқтатылды. Ресейдің әскери ұшақтары Оңтүстік Кореяның әуе кеңістігін бұзбай, аймақтан шығып кеткен.

Аймақта мұндай оқиғалардың жиілеп кетуіне байланысты Оңтүстік Корея билігі Ресейдің әскери атташесін шақырып, наразылық білдіруді жоспарлап отыр.