Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматыда жаңадан төселген жаяу жүргіншілер жолы опырылып түсті

Алматыда жаңадан төселген жаяу жүргіншілер жолы опырылып түсті
Фото: видеодан скрин

Алматыдағы Жароков пен Бұқар жырау көшелерінің қиылысында жаңадан төселген тақталар шөгіп, жаяу жүргіншілер жолында ойық пайда болды. Қала тұрғынының айтуынша, бұл жер қазан айында ғана жөнделген, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Егер жол адам өтіп бара жатқанда немесе балалы ана арбамен келе жатқанда опырылып кетсе не болады?" – деп жазды ол Threads желісінде.

Жазба бірнеше сағаттың ішінде 700-ге жуық реакция жинап, жүзден астам рет бөлісілген.

Айта кетейік, Алматыдағы жаңадан жөнделген жаяу жүргіншілер жолына қатысты бұған дейін де шағымдар айтылған. 11 қарашадағы нөсерден кейін Достық даңғылы мен Есентай өзені үстіндегі көпірде төселген тақталар шөгіп қалған еді. Сол кезде әкімдік мердігер компания кемшіліктерді кепілдік аясында түзететінін мәлімдеді.

Ал 16 қарашада алғашқы қар жауғаннан кейін қала тұрғындары жаңа тақталардың тым тайғақ екенін айтып, жаппай шағымданды.