28-30 қараша аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суытады. Демалыс күндері жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ жел күшейіп, боран соғуы мүмкін., деп хабарлайды dalanews.kz.
Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 30 қарашаға қараған түні:
- Батыс өңірлерде -5…-12 градус;
- Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда -10…-18 градус;
- Шығыста -7…-12 градус, таулы аудандарда -15…-20 градус болады.
Астанада алдағы үш күнде қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Жексенбіге қарай түнде ауа температурасы -10 градусқа, күндіз -5 градусқа дейін төмендейді.
Алматыда жұма және сенбі күндері жаңбыр аралас қар жауады. Жексенбіде жауын-шашын тоқтайды. Күндіз ауа температурасы +5…+8 градус аралығында болса, түнде +5 градустан 0 градусқа дейін төмендейді.
Шымкентте жұма күні таңертең жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +6…+10 градус шамасында сақталады. Түнде 0…+6 градус болады.