Ұлттық атом компаниясы "Қазатомөнеркәсіптің" басшылығында тағы бір өзгеріс болды. 26 қарашада сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сағындықовтың өтініші негізінде және корпоративтік рәсімдерге сәйкес "Қазатомөнеркәсіп" директорлар кеңесі оның компания басқармасының мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
"Қазатомөнеркәсіп" штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл лауазымның міндеттері мен өкілеттіктері компанияның ішкі рәсімдеріне сәйкес басшылық арасында қайта бөлінді", – деп хабарлады компания.
Еске салайық, 25 қарашада "Қазатомөнеркәсіп" екі топ-менеджердің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлаған еді.