Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

BilimClass платформасында ақау шықты

BilimClass платформасында ақау шықты
ЖИ: Dalanews.kz

27 қараша күні таңертең BilimClass платформасының жұмысына қатысты ата-аналар шағымданды. Әлеуметтік желілер мен мектеп чаттарында екінші ауысымда оқитын оқушылардың үй тапсырмалары жоғалып кеткені туралы хабарламалар тарады, деп хабарлайды dalanews.kz

Платформа әкімшілігінің мәліметінше, жүйеде уақытша ақаулар тіркелген. Соның салдарынан кейбір қолданушылар қосымшаға кіре алмай, оқушылардың бағаларын, сабақ кестесін және үй тапсырмаларын көре алмауы мүмкін.

«Платформада уақытша іркілістер болуы ықтимал. Осыған байланысты кейбір қолданушылар қосымшаға кіру кезінде қиындықтарға тап болуы, сондай-ақ бағалар, сабақ кестесі мен үй тапсырмалары уақытша көрінбеуі мүмкін. Қазір платформаның толыққанды жұмысын мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылдап жатырмыз», – деп хабарлады BilimClass әкімшілігі.

Сонымен қатар кейбір қолданушыларға қате хабарламалар мен ескертулер жіберілуі мүмкін екені айтылды.