Қазақстанда жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. Жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы цифрлық форматқа көшіріліп, соның нәтижесінде бюджеттен 60 млрд теңге үнемделген. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Вице-министрдің айтуынша, енді жекеменшік мектептерді қаржыландыру Қаржы министрлігінің e-Qazyna платформасы арқылы жүзеге асырылады. Жүйені цифрландыру оқушыларды екі рет есепке алу тәуекелдерін жоюға мүмкіндік берген.
Сонымен қатар мемлекет жекеменшік білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастырады. Алдағы үш жылға бюджетте осы мақсатқа 700 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Оның 245 млрд теңгесі 2026 жылға бөлінген.
Бірінші жартыжылдықта 749 жекеменшік мектеп жалпы сомасы 128 млрд теңге көлемінде қаржыландыру алған.