20 қарашада Таяу Шығыстағы ахуалдың қайта ушығуы әлемдік мұнай нарығына әсер етті. Таңертең Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 92,77 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі себеп болды. Хуситтер Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа зымыранмен соққы жасаған. Сонымен қатар Ормуз бұғазында мұнай тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады.
Иран әскерилерінің мәлімдеуінше, екі танкер теңіз миналарына соғылып, өртенген. Дегенмен бұл дерек әзірге тәуелсіз дереккөздер тарапынан расталған жоқ.
Нарықтағы қымбаттау ұзаққа созылмады. Астана уақытымен сағат 14:00-де Brent бағасы 91,03 долларға дейін төмендеді. Ал америкалық WTI мұнайы барреліне 81,81 доллардан сатылды.
Reuters болжамынша, Brent бағасы үшінші апта қатарынан төмендеуі мүмкін.