Ресей әскері Киевті атқылап жатыр

Ресей әскері Киевті атқылап жатыр
ашық дереккөз, көрнекі сурет

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаға қатысты кейінгі мәліметті жариялады. Ведомство дерегінше, түнгі соққы кезінде Украинадағы бірқатар көпірге, өндіріс орнына және энергетикалық нысанға зақым келген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрлік мәліметінше, Киевте автомобиль жолдары мен автомобиль және теміржолға ортақ көпірлерге соққы жасалған. Сондай-ақ, Одесса облысындағы әскери жүктерді транзитпен тасымалдауға пайдаланылатын "Затока" көпірі нысанаға алынған.

Бұдан бөлек, Львовтағы авиация зауыты мен Киев облысындағы Мемлекеттік ұнтақты металлургия зауытына соққы жасалған. Киев пен Киев облысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығаратын кәсіпорындар мен Fire Point компаниясының нысандары да соққы астында қалған.

Ресей Қорғаныс министрлігі түнгі шабуыл кезінде Чернигов және Днепропетровск облыстарындағы электр қосалқы станциялары, Ивано-Франковск облысындағы "Бурштын" жылу электр станциясы және Львов облысындағы "Батыс Украина" қосалқы станциясы соққыға ұшырағанын мәлімдеді.