Украина президенті Владимир Зеленский Қырымға қатысты пікір білдіріп, түбектің Украина аумағы екенін және ел өз жерінде қалаған әрекетін жасауға құқылы екенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тілшінің сұрағына жауап берген Зеленский Қырым мәселесі Украина үшін жаңа тақырып емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, Киев бұл бағытта бұрыннан бері әрекет етіп келеді және алдағы уақытта да өз ұстанымынан айнымайды.
«Шынымды айтсам, Қырым – Украинаныкі. Ал Украина аумағындағының бәрі – украиналық. Біз өз жерімізде қалағанымызды істейміз», – деді Владимир Зеленский.
Украина президенті мұндай әрекеттерді әділетті деп санайтынын жеткізді.