Шэньчжэньде Ресей, Қытай және АҚШ басшылары үшжақты келіссөз бастады

Шэньчжэньде Ресей, Қытай және АҚШ басшылары үшжақты келіссөз бастады
report.az_ru

Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп және Қытай төрағасы Си Цзиньпин АТЭС саммиті аясында үшжақты келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл – үш көшбасшының осындай құрамда алғаш рет бас қосуы. Келіссөзге бастапқыда бір сағат уақыт бөлінген. Бұл туралы Кремль хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп және Қытай төрағасы Си Цзиньпин Шэньчжэнь қаласында үшжақты келіссөзді бастады.  Кездесу «Цилинь Шаньчжуан» мемлекеттік резиденциясында өтіп жатыр.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков келіссөзге бір сағат уақыт бөлінгенін айтқан. Алайда Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кездесу жоспарланған уақыттан ұзаққа созылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Көшбасшылар келіссөзді қанша уақыт жалғастыратынын өздері шешеді. Әңгіме қалай өрбитініне байланысты. Егер олар қызу пікір алмасып отырса, хаттама қызметі де кездесуді тоқтата алмайды», – деді ол.

Бұған дейін, 19 қарашада Владимир Путин Дональд Трамппен жеке кездесу өткізген. Екіжақты келіссөз бір сағатқа жетпей аяқталған.

Кремль мәліметінше, кездесуде тараптардың ешқайсысы «аса маңызды мәлімдеме» жасамаған. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, екі ел басшысы Украинадағы жағдайды реттеу жолдарын және Ресей мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды талқылаған.

Владимир Путин АТЭС саммитіне қатысу үшін 17 қарашада Шэньчжэньге барған. Саммиттің алғашқы күні ол Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізген. Сондай-ақ Дональд Трамппен саммит қонақтарына арналған салтанатты қабылдау кезінде кездескен.