Қазақстанда жыл басынан бері зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 12,26 миллиард доллар жұмсалды

Қазақстанда жыл басынан бері зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 12,26 миллиард доллар жұмсалды
gov.kz

Қазақстанда 2026 жылдың басынан 1 қарашаға дейін зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 5,56 триллион теңгеден аса қаражат бөлінді. Бұл шамамен 12,26 миллиард долларға тең, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бюджет қаражаты игерілуі туралы 2026 жылғы 1 қарашадағы мәліметіне сәйкес жыл басынан бері зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 5,565 триллион теңге жұмсалған. Бұл - осы мақсатқа қарастырылған қаражаттың 99,99 пайызы.

Министрлікке 2026 жылға жалпы 6,77 триллион теңге бюджет қаражаты бөлінген. Оның 1 қарашаға дейін 5,603 триллион теңгесі игерілген. Бұл - есепті кезеңге жоспарланған соманың 99,96 пайызы.

Қаражаттың басым бөлігі азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға және төлемдерді ұйымдастыруға бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша 5,581 триллион теңге игерілген.

Ал зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 16,39 миллиард теңге жұмсалған. Бұл - осы бағытқа жоспарланған қаражаттың 88,96 пайызы.

Бұдан бөлек, әлеуметтік қамсыздандыру нысандарын салу және қайта жаңарту үшін өңірлерге 9,65 миллиард теңге көлемінде нысаналы трансферт берілген.