Шымкенттегі Ташкент тасжолында жанармай тасығыш көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Құтқарушылар келген кезде жанармай тасығыш пен жолға төгілген отын түгелдей жанып жатқан. Жалын 60 шаршы метр аумақты қамтыды.
Өрт толық сөндірілді. Қазір полиция апаттың неден болғанын анықтап жатыр.