ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізу дерегінің жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қарашада Ақтөбе облысындағы "Әлімбет" өткізу пунктінде шекарашылар 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өтудің жолын кескен.
Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы шекара учаскесінде 13 960 вейп анықталды.
Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауарлардың құны 510 млн теңгеден асады.
Бұл дерек бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданған.