Ақмола облысында заңсыз тас өндірілгені анықталды

Ақмола облысында заңсыз тас өндірілгені анықталды
Nayza Kokshe

Ақмола облысында заңсыз тас өндірілгені анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Nayza Kokshe арнасы мәліметінше, Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы полиция органдарымен бірлесіп, Зеренді ауданының Гранитный кенті маңында құрылыс тасын заңсыз өндіру әрекетінің жолын кескен.

Тексеріс барысында жұмыстар тиісті рұқсат құжаттарынсыз жүргізілгені анықталды. Оқиға орнынан екі экскаватор мен HOWO жүк көлігі тәркіленді.

Қазір мамандар заңсыз өндірілген тас көлемі мен мемлекетке келтірілген шығынды есептеп, полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Облыс әкімінің тапсырмасымен өңірде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге қарсы арнайы жұмыс тобы құрылған.