Павлодар облысында жол жөндеу кезінде 45 млн теңге жымқырылған

Павлодар облысында жол жөндеу кезінде 45 млн теңге жымқырылған
Фото: ЖИ

Павлодар облысында ауылішілік жолдарды жөндеуге бөлінген 45 млн теңге жымқырылған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Успен ауданының прокуратурасы автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде заңдылық сақталуына жүргізген тексеріс барысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.

Успен ауылдық округі әкімінің аппараты жөнделмеген ауылішілік жол учаскесі үшін "МКК-Элит Строй" ЖШС-ға заңсыз түрде 45 млн теңге аударған.

Бұл дерек бойынша прокуратура әкімдік пен мердігер ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеуді Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жүргізіп жатыр.