Қазақстанда ірі онлайн-платформаларды ел аумағында ресми өкілдік ашуға міндеттейтін заң жобасы әзірленіп жатыр. Құжатты Құрылтай қарастырып жатыр. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтан Meta компаниясы да Қазақстанда өкілдік ашуға міндеттеле ме деп сұрады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрдің айтуынша, ол компания өкілдерімен жеке өзі келіссөз жүргізбеген. Ал ірі онлайн-платформалармен байланыс орнату мәселесі туралы әріптестерінен естіген.
«Мен осы залға кірер алдында Meta компаниясымен жеке сөйлескен жоқпын. Бірақ заң жобасында кез келген компания Қазақстанда өкілдік ашуға тиіс екені нақты жазылған. Біз осы талаптың орындалуына қол жеткіземіз», – деді Арман Қырықбаев Құрылтайда өткен брифингте.
Мәдениет және ақпарат министрінің сөзінше, ірі компаниялардың өздері де өзара іс-қимыл жасаудың ашық әрі түсінікті ережелеріне мүдделі.