Қытайда Путин мен Трамптың маңызды келіссөзі басталды

Қытайда Путин мен Трамптың маңызды келіссөзі басталды
Фото: Evan Vucci / AP

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың Шэньчжэнь қаласында екіжақты келіссөз өткізіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Екі ел басшысы кездесудің алғашқы бір минутында журналистердің алдында сөйлесті. Бұдан кейін олар келіссөзді БАҚ өкілдерінсіз, жабық форматта жалғастырды.

Трамп Ресей президентімен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, аталған кездесуден оң нәтиже күтетінін жеткізді.

Кездесу Қытайда өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында ұйымдастырылды. Путин мен Трамп бұған дейін 2025 жылдың тамызында АҚШ-тың Анкоридж қаласында жүздескен еді.