Мөлдір Әуелбекова Мейрамбек Бесбаевқа ерекше құрмет көрсетті

Мөлдір Әуелбекова Мейрамбек Бесбаевқа ерекше құрмет көрсетті
Мейрамбек Бесбаев. Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова "МузАРТ" тобының мүшесі, белгілі өнер иесі Мейрамбек Бесбаевты 50 жас мерейтойымен құттықтады. Әнші әріптесіне жүрекжарды тілегін арнап, әлеуметтік желідегі парақшасында естелік бейнежазба жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мейрамбек Бесбаев мерейлі жасына орай шығармашылық кеш өткізіп, көптен бері өнерін бағалап келе жатқан тыңдармандарымен жүздесті. Мерейтойлық концертке қазақ эстрадасының белгілі өкілдері қатысып, әншіге құрмет көрсетті. Сахнаға шыққан өнер иелерінің арасында Мөлдір Әуелбекова да болды. Ол Мейрамбек Бесбаевпен бірге ән шырқап, ерекше кештен естелік бейнежазбаларды Instagram парақшасында бөлісті.

Мөлдір Әуелбекова әріптесіне деген ықыласын қысқа әрі әсерлі жазбамен жеткізген.

"Ән ағам, жан ағам, мерейтойыңызбен!" – деп жазды әнші.

Бұл сөздері арқылы ол Мейрамбек Бесбаевқа деген құрметі мен өнердегі ағалық орнына ерекше мән беретінін білдірді.