Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаевамен ойнаудан екінші рет бас тартты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға 17-20-орындар үшін өткен кездесудің екінші ойын күнінде болды. Карлсен блицте төрт партияның бәрінде жеңіске жетіп, рапидте тағы бір партияда басым түсті, ал екі партияны тең аяқтады. Күннің соңғы партиясы жылдам классика форматында өтуі керек еді. Оның алдында норвегиялық шахматшы 10:2 есебімен алда тұрды.
Бірінші ойын күні де Карлсен 11,5:8,5 есебімен жеңіске жеткендіктен, соңғы партияда техникалық жеңіліске ұшыраса да, жалпы есепте басым түсер еді. Ақыры шахматтан әлемнің 16-чемпионы бұл жолы да тақтаға отырмады.
Асаубаева ақ тастармен алғашқы жүрісін жасағаннан кейін оған техникалық жеңіс берілді.