"Атамекен" кеден бекетінде жүк көліктерін кезексіз өткізіп жатыр деген ақпарат тарады

"Атамекен" кеден бекетінде жүк көліктерін кезексіз өткізіп жатыр деген ақпарат тарады
видео кадры

"Атамекен" кеден бекетінде жүк көліктерін кезексіз өткізіп жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Атамекен" кеден бекетінде жүк көліктері кезексіз өтуіне байланысты әлеуметтік шиеленіс туындаған. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған видеода айтылған.

Түсірілім авторының сөзінше, кейбір жүк көліктері учаскелік инспекторлардың көмегімен кезексіз өтіп жатқан көрінеді. Сонымен қатар, белгісіз адамдар оған да кезекті жылдамдатуды ұсынған.

Осы жағдайға байланысты тексеріс жүргізу қажет екені айтылды.

Үндеу ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың назарына ұсынылған.