Тоқаев банктерді шаруаларға ұзақ мерзімді несие беруге шақырды

Тоқаев банктерді шаруаларға ұзақ мерзімді несие беруге шақырды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктер ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге қолайлы шарттармен ұзақ мерзімді несие беруі керек екенін жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, қарызды өтеу кестесі егін жинау науқанына бейімделуге тиіс. Ал инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде шаруаларға негізгі қарызды төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырған жөн.

"Фермерлер кредиттің алғашқы төлемін жабу үшін егінін жинап бола сала, өнімін арзан бағаға сатып жіберуге мәжбүр. Бұған жол беруге болмайды", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне шаруаларды несиелеу шарттарын жетілдіріп, аталған мәселені шешуді тапсырды.