Павлодар облысында Омбы – Майқапшағай автожолындағы алты жол камерасын қасақана бүлдірген 31 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, мотоцикл мінген азамат жолдағы арка тәрізді құрылғыға жақындап, жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін алты камераның корпусын әдейі зақымдаған.
Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Соған қарамастан, бүлінген жабдықтар қалыпты жұмысын жалғастырған.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын жедел анықтаған. Ол көрші елді мекеннің 31 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.