Қазақстанда 31 желтоқсан ресми демалыс күні болмайды – Еңбек министрлігі

Қазақстанда 31 желтоқсан ресми демалыс күні болмайды – Еңбек министрлігі
pixabay.com

Қазақстанда 2026 жылғы 31 желтоқсан ресми демалыс күні болып белгіленбейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай шешімді халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижесімен түсіндірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрліктің мәліметінше, 31 желтоқсанды қосымша мереке немесе демалыс күні ету мәселесі бұған дейін бірнеше рет қаралған. Бұл ретте азаматтардың өтініштері, қоғамдық пікір және өзге елдердің тәжірибесі ескерілген.

Зерттеу нәтижесінде көптеген мемлекетте 31 желтоқсан жұмыс күні болып саналатыны, ал 1 және 2 қаңтар мерекелік демалыс күндері екені анықталған.

«Осыған байланысты қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасына 31 желтоқсанды қосымша мерекелік немесе демалыс күні ретінде белгілеу жөнінде өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ», – деп хабарлады ведомство «Курсив» басылымына.

Сонымен бірге жұмыс берушілерге 31 желтоқсанда жұмыс күнін қысқартуға немесе қызметкерлерге қосымша демалыс беруге рұқсат етіледі. Мұндай шешім кәсіпорынның ішкі актілері мен ұжымдық шартында белгіленуі мүмкін.