Алматыда метроның тағы үш станциясының құрылысы басталды

Алматыда метроның тағы үш станциясының құрылысы басталды
ЖИ: Dalanews.kz

Алматыда метроның тағы үш станциясының құрылысы басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Метро өкілдері бірінші желіні ұзарту жұмыстары туралы мәлімет берді. "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейінгі учаскені 2029 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

Жаңа учаскеде үш станция салынады. Әзірге олардың жұмыс атауы - I, II және III.

  • I станциясы Алатау даңғылында, Абай даңғылы мен Сәбденов көшесі арасында, Наурызбай ауданы әкімдігіне жақын жерде орналасады. Мұнда инженерлік желілер көшіріліп, айналма жол салынды. Қазір мамандар жер қазу жұмыстарына кірісіп жатыр.
  • II станциясы Алатау даңғылы мен Төле би көшесінің жаңа бөлігінің қиылысында орналасады. Қазір мұнда коммуникацияларды көшіру және айналма жол салу жұмыстары аяқталып жатыр.
  • III станциясы "Барлық" базары аумағында салынады. Бұл - құрылыс ең қарқынды жүріп жатқан учаске. Мұнда платформаны бетондау жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Құрылыс жұмыстары үш учаскеде де қатар жүргізіліп жатыр.