Тоқаев ҰҚК-нің жаңа төрағасына бірқатар тапсырма берді

Тоқаев ҰҚК-нің жаңа төрағасына бірқатар тапсырма берді
aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті қабылдап, ведомство жұмысына қатысты бірқатар тапсырма берді. Кездесу барысында ҰҚК қызметін реформалау және оның тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кездесуде Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік органдарын реформалау және олардың жұмыс нәтижелілігін арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Сондай-ақ Марат Ирменов Президентке ведомствоның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берді.

Еске салайық, 16 қарашада Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Сол күні Марат Ирменов ведомствоның жаңа басшысы болып тағайындалды.