Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласында екі күнге созылған діни негіздегі қақтығыстар салдарынан тоғыз адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Қақтығыстарды тоқтату үшін ел армиясы қалаға қосымша күштерін орналастырды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Медициналық дереккөздердің мәліметінше, қарулы қақтығыстар екі күн бойы жалғасқан. Соның салдарынан тоғыз адам көз жұмған. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге нақтыланбаған.
Ливан армиясы сенбі күні Триполиге әскер кіргізіп, жағдайды тұрақтандыруға кіріскен. Әскери күштердің міндеті – қақтығыстардың одан әрі өршуіне жол бермеу және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Әзірге қақтығысқа қатысқан тараптар мен оның нақты себептері туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.