Алматыда автобус жүргізушісі қолдан жасалған куәлікпен жолаушы тасымалдаған

Алматыда автобус жүргізушісі қолдан жасалған куәлікпен жолаушы тасымалдаған
Almaty.police

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі қолдан жасалған жүргізуші куәлігімен жолаушы тасымалдаған. Күдікті құжат жол апатын тексеру кезінде анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алатау ауданында автобус қатысқан жол-көлік оқиғасын тексеру барысында белгілі болған.

Құжаттарын тексеру кезінде жүргізуші ұсынған куәліктің қолдан жасалған белгілері бар екені анықталған. Сонымен қатар оның мәліметтері тиісті ресми ақпараттық базада тіркелмеген.

Қазір жүргізуші мен құжаттары тиісті тексеру жүргізу үшін полицияға тапсырылған.