Жамбыл облысындағы ауыл мектептерінің бірінде 9-сынып оқушысы сыныптасын қорлап, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан. Жасөспірімнің бұл әрекеті буллинг ретінде бағаланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Істі қарау барысында оқушының анасы өз кінәсін мойындады. Ал жәбірленуші тарап сотта екі жақтың татуласқанын мәлімдеді.
Сот жасөспірімнің заңды өкілін кінәлі деп танып, оған 43 250 теңге көлемінде айыппұл салды.