Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қарағандылық Хакімнің рекорды: 17 жастағы жігіт SAT емтиханынан 1600 балл жинады

Қарағандылық Хакімнің рекорды: 17 жастағы жігіт SAT емтиханынан 1600 балл жинады

Қарағандылық 17 жастағы Хаңім Бекіш халықаралық SAT емтиханын ең жоғары нәтижемен тапсырды. Ол мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинап, ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды dalanews.kz

Хакімнің нәтижесі әлемге әйгілі кәсіпкерлердің көрсеткіштерімен де салыстырылып отыр. Мәселен, Билл Гейтстің SAT нәтижесі 1590 балл болғаны айтылады. Ал Марк Цукерберг 1600 балл жинаған деген ақпарат бар.

Жасөспірім бұған дейін Назарбаев зияткерлік мектебіне (НЗМ) өз күшімен оқуға түскен. Кейін NIS Alumni бағдарламасы аясында Master Education білім беру орталығында тегін дайындалуға грант иеленген.

SAT емтиханына дайындық кезінде Хаким апта сайын нақты емтихан форматына сәйкес сынақ тесттерін тапсырып отырған. Сонымен қатар әрбір қатесін егжей-тегжейлі талдап, білімін жетілдіруге көңіл бөлген. Оған сабақ берген оқытушылардың да SAT және IELTS емтихандарынан жоғары нәтижелері бар.

Білім беру орталығының мәліметінше, алты жыл ішінде оның 5000-нан астам оқушысы АҚШ, Еуропа және Азия елдеріндегі университеттерге оқуға түскен.

Енді 17 жастағы Хакимнің алдында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік ашылды.