Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

ШҚО-да мәслихат сайлауы аяқталды

ШҚО-да мәслихат сайлауы аяқталды

Шығыс Қазақстан облысындағы 534 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. Таңғы сағат 07:00-ден бастап өңір тұрғындары мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Дауыс беру барысын 1000-ға жуық қырағы байқаушы қадағалады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сайлау учаскелерінде ән шырқалып, күй тартылды. Келушілерге ыстық бауырсақ ұсынылды. Тұрғындар ұлттық ойындардан сайысқа түсті. Бұдан бөлек, жәрмеңке де ұйымдастырылды.

Жалпы, Президенттің «Мәслихат – мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы. Сіздерге сенім артқан сайлаушылардың мүддесін қорғау – басты парыздарыңыз» деп айтқан болатын.  Ел болашағына бей-жай қарамайтын ақсақалдар, ардагерлер, қоғам белсенділері мен түрлі сала өкілдері келді. Жастар арасында алғаш рет дауыс бергендер де болды. Кей тұрғындар учаскеге әріптестерімен бірге келді. Туған күні сайлаумен тұспа-тұс келген азаматтар да өз таңдауын жасады. 

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау барысында заң бұзушылық тіркелген жоқ. Таңдау жасаған тұрғындар да өз учаскелерінде заң бұзушылық болмағанын айтады.