Бұл топқа анестезиолог-реаниматолог, рентгенолог, пульмонолог, дәрігерлер және жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері кірді.
Облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы дәрігерлермен кездесіп, алдағы мақсат пен емдеудің жолдары туралы талқылады.
– Шығыс Қазақстанда медицинаның дамуы үшін барлық жағдай жасалуда. Сатып алынған заманауи техникалар іске қосылып, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі індеттің алдын алу мақсатында сіздермен тәжірибе алмасып, жақсы көрсеткішке қол жеткіземіз деген сенімдемін, – деді Даниал Ахметов.
Келген мамандар 2 күн аралығында аудан және қала ауруханаларының дәрігерлерімен онлайн байланысқа шығып, кеңес беріп, жағдаймен танысады. Кейіннен осы ай соңына дейін әр ауданға бөілініп, дәрігерлерге көмектесетін болады.
"Дәрігерлер тобын Татарстан Республикалық клиникалық ауруханасы медициналық бөлімі бастығының бірінші орынбасары Миннулин Марсель Мансурұлы басқарады, - деді Ілияс Мұхамеджанов.
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысының пікірінше бұл екі елдің дәрігерлері арасында тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар коронавирустық инфекцияны жеңуге бірігіп атсалыспақ. Ілияс Мұхамеджановтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін облыста 4087 коронавирус ауруы тіркелген, оның ішінде 2126 клиникалық белгілері бар, 1961 жан симптомсыз түрі.
– Аймақтарыңызда коронавируспен күресу үшін өкпені жасанжы желдету, оттегі концентраторлары сынды жабдықтар көптеп сатып алыныпты. Бұл дұрыс шешім. Жалпы екі елдің қолданып отырған әдіс-тәсілдері ұқсас. Алайда соның өзінде бірлесіп жаңа тәжірибе жинақтаймыз деп ойлаймын, – деді келген топтың жетекшісі, Татарстан Республикасы орталық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің бірінші орынбасары Марсель Миннулин.