Freedom Inside '26

Қазақстанда ішімдік сатуға қатысты бірқатар ұсыныс жасалды

Қазақстанда ішімдік сатуға қатысты бірқатар ұсыныс жасалды
Dalanews.kz коллажы

Қазақстанда ішімдік сатуға қатысты бірқатар ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ішкі істер министрлігі елде ішімдік сату тәртібін қатаңдатуды ұсынды. Бұл туралы Үкімет сағатында министр Ержан Сәденов айтты.

Министрдің сөзінше, ішімдік - елдегі қылмыстардың негізгі себептерінің бірі. Жыл сайын мас күйінде шамамен 10 мыңға жуық қылмыс жасалады.

Министрлік мынадай шараларды қарастырып отыр:

  • Интернет арқылы ішімдік сатуға толық тыйым салу;

  • Ішімдікті тек арнайы дүкендерде сату;

  • Лицензия беру талаптарын күшейту және олардың санын шектеу.

Ержан Сәденов ойын-сауық орындарындағы ішімдік саудасына да шектеу енгізу қажет екенін айтты:

"Мұндай орындарда мас күйде 1 400-ден аса қылмыс, соның ішінде үш кісі өлтіру дерегі тіркелген".