Денсаулық сақтау министрлігі нашақорлыққа тәуелді азаматтарды мәжбүрлі емдеуден бас тарту мәселесін қарастырып жатыр. Алайда бұл бастаманы Ішкі істер министрлігі қолдаған жоқ. Бұл туралы ІІМ басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, елде мәжбүрлі емдеу рәсімі тым бюрократиялық сипатқа ие. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі жұмысты жеңілдету мақсатында бірқатар шара ұсынған. Атап айтқанда, "бір терезе" қағидаты бойынша арнайы комиссия құру және медициналық емдеу әдістемелері мен протоколдарын қайта қарау көзделген.
Сонымен қатар Сәденовтың айтуынша, елде тәуелді азаматтарға арналған арнайы медициналық мекемелердің тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта Қазақстанда осындай 20 ұйым жұмыс істейді, алайда қажеттілік бойынша тағы 14 мекеме ашу қажет.
Мекемелердің жетіспеушілігіне байланысты 422 сот шешімін орындау мүмкін болмаған.