Freedom Inside '26

15 жастағы ақтөбелік футболшы қайтыс болды: ТЖД жағдайға пікір білдірді

15 жастағы ақтөбелік футболшы қайтыс болды: ТЖД жағдайға пікір білдірді
©instagram.com/fcaktobe_youth/

15 жастағы ақтөбелік футболшы Арон Мұса қайтыс болды. Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Кеше Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Кутуева көшесі, 27-үйде болған оқиға туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өрт шықпағанын анықтады, алайда үш адамның сүйегі табылды. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қаралы хабарды "Ақтөбе" футбол клубы мәлімдеді. Аронмен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмған.