15 жастағы ақтөбелік футболшы Арон Мұса қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы "Ақтөбе" футбол клубы мәлімдеді.
"Кеше QJ league турнирінде ойнайтын "Ақтөбе U-16" командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - деп жазылған хабарламада.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы нақты көрсетілмеген.