Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі репродуктивті медицина орталығының жұмысын сынға алды.
9 шілдеде коронавирусқа ПЦР-тестілеуден өткен пациенттер әлі күнге дейін талдау нәтижелерін алмаған. Соның салдарынан физио-пульмонология орталығының дәрігерлері науқасқтарға тиісті ем тағайындай алмай, оларды не инфекциялық стационарға не жағдайын бақылай отырып, оны үйге жіберуге болатынын анықтай алмай отыр.
Олардың барлығы қазір провизорлық стационарда жатыр, себебі вирусты жұқтырғандардың бар-жоғы белгісіз.
- Біз талдауды бірден аламыз. Содан кейін, репродуктивті медицина орталығына жібереміз. Бірақ 9 шілдеден бастап бізге келіп түскен барлық пациенттердің тест нәтижелері әлі күнге дейін келген жоқ. Біз зертханаға бірнеше рет қоңырау шалдық, алайда жағдай өзгерген жоқ. Науқастар келіп жатыр, тест нәтижелері болмағандықтан біз оларға тиісті емді қолдана алмаймыз, - деді физио-пульмонология орталығының бас дәрігерінің орынбасары Лейла Амриева.
Бұл ақпаратты естіген облыс басшысы Даниал Ахметов мемлекеттік мекемелердің алдында өздерінің келімшарттық міндеттерін дұрыс орындамайтын зертханалардың мәселесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде шешілетіндігін айтты. Олар лицензияларынан айырылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, пандемия басталғаннан бері облыстың 180 мыңнан астам тұрғыны ПЦР тестілеу мен экспресс-анализ тапсырды. Өңірде тестілеу жасайтын материалдар жеткілікті, мәселе зертханалардың салғырттығында.
Тест нәтижелері уақытылы дайын болған жағдайда, провизорлық стационарларда жатқан науқастар санын азайар еді, өйткені ЖРВИ немесе пневмониямен түскен ( жағдайы жеңіл ) науқастарды үйге, қалғандарын басқа да медициналық мекемелерге жіберер еді. Жауапкершілігі жоқ зертханалар мәселесі қысқа мерзімде шешілетін сыңайлы.