Мемлекет басшысы бірнеше елге жаңа елшілерді тағайындады

Асель Қайратқызы 13 қаз. 2025 10:30

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекеттегі елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Dalanews.kz. Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Аталған елге жаңа елші болып Алтай Абибуллаев  тағайындалды.

Сондай- ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Даулет Батрашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговина Республикасындағы, сондай- ақ Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ал Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ануарбек Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар