Freedom Inside '26

Танымал фильмнің жұлдызы көз жұмды: 35 жастағы актрисаның өлімі елді есеңгіретті

Танымал фильмнің жұлдызы көз жұмды: 35 жастағы актрисаның өлімі елді есеңгіретті
ашық дереккөзден

Түрік бұқаралық ақпарат құралдары танымал "Клюквенный щербет" сериалында Ишил рөлімен көрерменге танылған актриса Эдже Иртемнің қайтыс болғанын хабарлады. Ол небәрі 35 жаста еді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, актриса таңертең өз үйінде жүрек талмасынан көз жұмған. Әзірге оның отбасы қайғылы жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Ал құқық қорғау органдары актрисаның өліміне байланысты мән-жайды анықтап жатыр.

Эдже Иртем "Клюквенный щербет" сериалынан бөлек, "Семья", "Запретный плод", "Мистер Ошибка", "Новая невеста" телехикаяларында, сондай-ақ "Права на престол Абдулхамид" атты тарихи драмада да бой көрсеткен.

Көптеген көрермен үшін актрисаның дәл "Клюквенный щербет" сериалындағы Ишил бейнесі ерекше есте қалды. Осы рөл оның шығармашылық жолындағы ең танымал жұмыстарының біріне айналып, Эдже Иртемге Түркиядан тыс елдерде де кеңінен танылуға мүмкіндік берді.