Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) блогерлерге лицензия беру немесе олар үшін жеке реестр қалыптастыруды қажет деп есептемейді. Ведомствоның мәлімдеуінше, блогерлердің қызметі қолданыстағы заңнама аясында реттеліп отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы агенттік сенатор Геннадий Шиповскихтің блогерлердің құқықтық мәртебесі мен олардың жауапкершілігін арттыру шараларына қатысты депутаттық сауалына берген ресми жауабында хабарлады.
ҚМА қолданыстағы «Онлайн-платформалар мен онлайн-реклама туралы» заңда блогер (инфлюенсер) ұғымы нақты айқындалған және олар кәсіпкерлік қызметті Қазақстан заңнамасына сай жүргізуге міндетті екенін атап өтті.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы
Министрліктің пікірінше, блогерлерге қосымша лицензия беру немесе жеке тізім жасау «артық әкімшілік кедергілер туғызып, бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін».
Министрлік атап көрсеткен негізгі қауіптер мыналар:
- сөз бостандығын шектеу және азаматтардың пікірін еркін білдіру жөніндегі конституциялық құқығын жүзеге асыруға тосқауыл қою;
- жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар саласында жауапкершілік шараларының қазірдің өзінде бар болуына байланысты реттеудің қайталануы.