Биыл астық қар астында қалмай ма?

Көркем Алдабергенова 13 қаз. 2025 13:43

Солтүстікте қар ерте түсіп, астық жинау тоқтады: фермерлер дабыл қағуда, деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде алғашқы қар фермерлер егінді толық жинап үлгермей тұрып жауды. Көптеген шаруалар қардың астында қалған егіс алқаптарына алаңдап, дизель отынының да жарамсыз болғанын айтып шағымданды. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайды «тұрақты» деп бағаласа, Зерновой одағы мұнымен келіспейді.

Қостанай облысына барған Orda.kz тілшісі егістіктердің кей бөлігінде пшенице мен бұршақ тұқымдас дақылдардың қар астында қалғанын байқаған. ТОО «Манай Агро» шаруашылығының басшысы Ануарбек Әлішев мұны «катоктай басқан қар» деп сипаттап, кейбір фермерлердің 50–60 пайыз өнімін жинай алмай отырғанын айтты. Дегенмен ол «егін – жыл сайынғы сынақ, мойымау керек» дейді.

Министрліктің мәліметінше, жағдай бақылауда. Вице-министр Азат Сұлтановтың айтуынша, қар аз жауып, тез еріп кеткен. Күннің жылынуымен техника қайта далаға шығып, қалған 30 пайыз алқап жиналып бітеді. Қазір ел бойынша 20 млн тоннадан астам астық орылған, бұл ішкі қажеттілікті де, экспортты да қамтамасыз етуге жеткілікті.

«Олжа Агро» холдингі басшысы Алишер Ходжаназаров та дүрбелеңге себеп жоқ дейді. Ол егістіктерді аралап шыққанын, пісіп үлгерген дақылдардың көпшілігі сақталғанын мәлімдеді. Дегенмен тамыз-қыркүйектегі ұзақ жаңбырлар астық сапасын төмендетіп, клейковина деңгейін азайтқан. Кейбір партиялар үшінші-төртінші класс деңгейінде қалып отыр.

Зерновой одағының өкілі Евгений Карабанов болса, керісінше, қар мен желдің салдарынан өнім көлемі мен сапасы төмендейтінін айтады. Оның сөзінше, пісіп үлгерген бидайдың масақтары үзіліп, жерге түскен астықты жинау қиын. Бұл процессті баяулатып, қосымша шығын әкеледі.

Сонымен қатар, фермерлер дизель мәселесін де көтерді. Биыл 403 мың тонна жеңілдетілген жанармай бөлінген. Алайда Атырау мұнай өңдеу зауытынан келген отын ерте суып, парафинденіп қалған. Сол себепті Ауыл шаруашылығы министрлігі Энергетика министрлігімен келісіп, жанармайды Павлодар зауытының өніміне ауыстыруды ұйғарды.

Қорытындылай келе, қар егін жинауға қиындық келтіргенімен, жағдайды «апатты» деп айтуға ерте. Фермерлердің айтуынша, науқан қазанның соңына дейін жалғасады, ал мамандар басты мәселе — ауа райынан емес, агротехникалық бақылаудың әлсіздігінен туындап отырғанын айтады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар