Қазақстанда 2026 жылдан бастап жүргізуші куәлігі өзгереді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев ІІМ дәлізінде жүргізуші куәліктерін беру жүйесінде жоспарланып отырған өзгерістер туралы айтты.
Оның сөзінше, жүргізуші куәлігінің сыртқы бейнесі өзгермейді.
"Ұлттық жүргізуші куәліктері Жол қозғалысы туралы конвенция талаптарына толық сәйкес келеді. Қазір тек куәліктегі чипті алып тастау мәселесі қаралып жатыр. Бұл әзірге жоба деңгейінде, бірақ оны 2026 жылдың бірінші немесе екінші тоқсанында жүзеге асыру жоспарланып отыр", – деді ол.
ІІМ өкілінің айтуынша, бұрын берілген куәліктер өз мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып қала береді.