Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе-колледжінде «Кітапты сыйға тарту» акциясы өтті. Аталған іс-шараға Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев , «FARAB» облыстық әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Таженова, Облыстық дін істері басқармасы басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілі Ержан Төлепов, «Сарыағаш медресе-колледжінің» директоры Дінмұхамед Сманов қатысып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының дін істері басқармасы және Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен акция аясында Сарыағаш медресе-колледжіне 300-ден аса кітап сыйға берілді. Атап айтсақ, «FARAB» облыстық кітапханасынан 100 кітап, Сарыағаш ауданының кітапханасы атынан 100 кітап, Қазығұрт және Келес ауданының кітапханаларынан 60 кітап, Мақтаарал және Жетісай ауданының кітапханаларынан 100 кітап, Түркістан облысының бас имамының атынан 3 кітап сыйға тартылды.
Айта кетейік, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың ұсынысымен, облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған іс-шара мақсаты – кітап мәртебесін көтеру, жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіріп, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, кітап оқуды насихаттап, ұлттық ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын толықтыру.